By : admin

Источник: nur.kz

Әлеуметтік желіде той үстінде билеп жүрген әженің видеосы тарап кетті. Желі қолданушылары қарт кісінің әлі қыз сияқты қылықты екенін айтып, игі пікірі мен ақ тілектерін жаудырды деп жазады NUR.KZ.

Желіде қызу талқыналып жатқан бейнежазбада ақжаулықты әженің той өтіп жатқан мейрамхананы айнала билеп жүргені көрініс тапты.

Қызықты оқиғаға куә болған меймандар әжейді ұялы телефондарына түсіріп, өз қошеметін аямады.

"Керемет жарайсыз апа", "Осындай қарттарымыз аман болсын. Әрдайым осындай көңілді жүрсін барлығы", "Жас кезінде биші болған-ау апамыз", "Бидің түбін түсірді деп осыны айт. Мың бұрыла майысып билейді өзі" , — деп жазуда көпшілік.

Добавить комментарий